Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

11.09.2025

Қазақстандық кадеттер Азия кубогында алтын алды

Қазақстандық кадеттер Азия кубогында алтын алды

Ташкентте өтіп жатқан кадеттер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды.

Командалық сынның рапира бағдарламасында ел намысын қорғаған Еділ Құсман, Валентин Сладков, Евгений Токанов пен Мансұр Естеу қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды.

Қыздар арасында қазақстандықтар қылыштасуда (сабля) жүлдегер болды:

  • Наиля Исхакова, Айғаным Какенова, Айша Сыздық және Леона Югай күміс жүлдені иеленді.
  • София Андриянова, Арина Фролова, Айдана Қаратаева және София Яковлева құрамасы қола медаль алды.

Сонымен қатар жеке сайыста рапирада Алуа Мұқанова қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан спортшылары үш қола медаль жеңіп алған болатын.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас