10.10.2025
Бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалын қабылдайтын қала анықталды
2025 жылы 11 қазанда Алматы ипподромында Қазақстан Республикасы бойынша бәйге чемпионатының финалы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен ең үздік шабандоздар мен жүйрік аттар қатысады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 109 650 000 теңгені құрайды.
Бағдарламада мынадай жеті бәйге түрі бар:
Құнан бәйге
Топ бәйге
Аламан бәйге
Ұшқыр бәйге
Жорға жарысы
Ұлы аламан
Құнан бәйге (ҚР)
Чемпионаттың басты мақсаты – ұлттық дәстүрлерді сақтау мен дәріптеу, жастар арасында ат спортын насихаттау және Қазақстанды этномәдени бастамалардың аймақтық орталығы ретінде таныту.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов