Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

04.11.2025

Сейдахмет Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Сейдахмет Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін спорт тақырыбына маманданған БАҚ өкілдері арасында белгілі қаламгер, көрнекті көсемсөз шебері, қазақспорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталды деп хабарлайды, Sport12.kz сайты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Конкурс жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі:

«Үздік спорттық телевизиялық репортаж»;

«Үздік спорттық жарияланым»;

«Үздік спорттық фоторепортаж».

Конкурсқа қатысу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет:

Бір номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін еркін нысандағы өтініш (өтініш тек бір номинация бойынша қабылданады);

Конкурсқа қатысушының шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасы;

Спортшыға немесе спорттық оқиғаға қатысты эфирге шыққан, баспа және электронды БАҚ-та 2025 жылы жарық көрген жұмыстарын ұсыну.

Жұмыстар қағаз түрінде де, электронды түрде де қабылданады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын бастыталаптар:

Үміткерлер Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем кубогіне, халықаралық жарыстарға және Қазақстан біріншіліктеріне арналған жарияланымдар (очерктер, мақалалар, талдаулар, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.); 

Қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты, балалармен жасөспірімдер арасындағы спортты, ерекше адамдар арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын (спартакиадалар, турнирлер, ұлттық спорт түрлері фестивалі, ауыл спорты) насихаттау; 

Сондай-ақ елімізде дене шынықтыру және спорт саласының проблемаларын көтеру және оныңшешу жолдарын көрсету, лицензиялық жарыстарды насихаттау (теле және радио түсірілімдер мен бағдарламалар, интернет, газет және журналдағы мақалалар мен очерктер) құпталады.

Байқауға 2025 жылы шыққан авторлық жұмыс(кітап, спорттық энциклопедиялар, т.б.) да қатысаалады. Өтініштер мен мақалалар Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8 үй, 6 қабат, Спорт және денешынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне немесе sportpress86@mail.ru электрондық поштасы арқылы («2025 жылғы С. Бердіқұлов атындағы байқауға» деген белгімен) қабылданады.

Қабылдау мерзімі – 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейін. Байқаудың жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйлыққа ие болады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас