Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

07.11.2025

Мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкина Жапониядағы жарысты сәтті бастады

Мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкина Жапониядағы жарысты сәтті бастады

Бүгін Жапонияның Осака қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирі (NHK Trophy-2025) басталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Әйелдер арасындағы қысқа бағдарламада Ұлттық құрама спортшысы Софья Самоделкина 67.75 ұпай жинап, әзірге 2-орынға тұрақтады. Алғашқы жаттығудан кейін 3 дүркін әлем чемпионы, Бейжің Олимпиадасының қола (жекелей) және күміс (командалық) жүлдегері Каори Сакамото (Жапония) көш бастады. 

Ертең Астана уақытымен сағат 16:20-да еркін бағдарламадан кейін жүлдегерлер белгілі болады. Гран-при турнирінде 1-орын алған спортшы 15, 2-орынға 13, 3-орынға 11 балл беріледі. Бұл ұпайлар кейін 6 жарыстан кейін Гранд финалға жолдама алған үздіктерді анықтауға көмектеседі. 

Жапониядағы турнирге 17 мемлекеттен 60 спортшы жиналды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»