14.11.2025
Отандастарымыз садақ атудан алғаш рет Азия чемпионы атанды
Қазақстан құрамасы Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия чемпионатында тарихи жеңіске қол жеткізіп, алғаш рет блоктық садақ атудан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Sport12.kz
Финалда отандық садақшылар Үндістан құрамасынан 240:228 есебімен басым түсті. Ұлттық құрама сапында Ділмұхамед Мұса, Бунед Мирзаметов және Андрей Тютюн өнер көрсетті.
Шешуші кезеңге дейін отандастарымыз 1/8 финалда Ирак құрамасын (234:225), ширек финалда Иран құрамасын (233:231), ал жартылай финалда Корея құрамасын (236:235) жеңді. Айта кетейік, садақ ату – Қазақстанда жүйелі түрде дамып келе жатқан 46 басым спорт түрінің бірі.
Садақ атудан Азия чемпионаты 14 қарашада мәресіне жетеді. Жарысқа құрлықтың 29 елінен 207 спортшы қатысып жатыр.
Айта кетейік, садақ ату спортының елімізде дамуына Sport Qory өз үлесін қосып келеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов