05.11.2025
Садақ атудан Азия чемпионатына қатысатын отандастарымыз белгілі
Садақ атудан Даккада (Бангладеш) өтетін Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық мергендер анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Азия біріншілігінде ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
Классикалық садақ
Ерлер: Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Дастан Кәрімов, Александр Еременко
Әйелдер: Самира Жұмағұлова, Диана Юнусова, Елизавета Авдеева,
Блоктық садақ
Ерлер: Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Ділмұхаммед Мұса, Бунед Мирзаметов
Әйелдер: Әдель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова
Айта кетейік, Азия чемпионаты 8-14 қараша аралығында өтеді.
Серіктес – Sport Qory спортты қолдау қоры.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов