07.12.2025
Садақ атудан Азия Кубогына кімдер барады?
Садақ атудан Джиддада (Сауд Арабиясы Корольдігі) өтетін Азия Кубогының үшінші кезеңіне қатысатын қазақстандық мергендер белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Азия біріншілігінде ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
Классикалық садақ
Ерлер: Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Дастан Кәрімов, Александр Еременко
Әйелдер: Самира Жұмағұлова, Диана Юнусова, Елизавета Авдеева,
Блоктық садақ
Ерлер: Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Ділмұхаммед Мұса, Бунед Мирзаметов
Әйелдер: Әдель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова
Айта кетейік, Азия Кубогының кезекті кезеңі 10-15 желтоқсан аралығында өтеді.
Серіктес – Sport Qory спортты қолдау қоры.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов