Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

19.01.2026

Астанада бұқаралық шаңғыдан жарыс өтеді

Астанада бұқаралық шаңғыдан жарыс өтеді

24 қаңтар күні Астанада бұқаралық шаңғы жарысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sport12.kz

Жарыс сағат 10:00-де Орталық саябақтағы шаңғы роллер жолында басталады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс-шара аясында спорттың 4 түрі бойынша жарыстар өтеді. Атап айтқанда: қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыс және белбеу күресі.

– Бұл жарыс дәстүрлі спорттық шараға айналды. Негізгі бәсеке – шаңғы жарысы. Ол 16 жас ерекшелік санаты бойынша қыздар мен ұлдар арасында өткізіледі. Қашықтықтар 500 метрден бастап 1 және 2,5 шақырымға дейін белгіленген. Қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-де басталып, жалпы старт 11:00-де беріледі. Барлық жарыстарға қатысу тегін. Барша тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз, – деді қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Аталған іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен өтеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»