3 күн бұрын
Астанада «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді
Астанада осы сенбі, яғни 14 ақпанда, Есіл өзенінің жағалауындағы Орталық саябақта, Кенесары хан ескерткішінің маңында дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Бағдарлама аясында спорттың 13 түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Атап айтқанда: шаңғы жарысы, гір спорты, қол күресі, пимамен хоккей, белбеу күресі, мотокросс, автоспорт, арқан тарту, қысқы шағын футбол, қар лақтыру сайысы, қысқы волейбол, мас-рестлинг және көңілді тюбинг жарыстары.
Фестивальге қатысушылар өз мүмкіндіктерін сынап, бағалы сыйлықтар үшін бақ сынай алады. Қатысушыларды тіркеу 08:30–10:00 аралығында жүргізіледі, жарыстар сағат 10:00-де басталады. Қатысу – тегін.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов