20.07.2024

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 50 күн қалды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 50 күн қалды

фото «turantimes.kz» сайтынан алынды

Жылдың ең маңызды әрі ауқымды әлемдік спорттық шарасы – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 50 күн қалды. Көшпелілер мәдениетінің бірегей мерекесі саналған әлемдік оқиға дәстүр мен заманауи жетістіктерді насихаттау мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар мен көрермендердің басын біріктіреді.

Әлемдік спорт шарасына 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп күтілуде. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Қазіргі таңда Ойындарға дайындық қызу жүріп жатыр. Басты бәсекеда спортшылар қазақ күресі, алыш (қырғыз күресі), көрәш (татар күресі), дәстүрлі садақ ату, асық ату, ордо, таяқ тарту, күрәш (өзбек күресі), арқан тартыс, ашыртмалы аба гүреші (түрік күресі), көкпар, көк бөрі, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, құсбегілік, алыптар сайысы сынды сайыстармен сынға түседі.

Ойынның маңызды бөлігінің бірі «Бірлік керуені» мәдени бағдарламасы. Бұл бірегей жоба көшпелі халықтардың мәдени байлығы мен алуан түрлілігін көрсетуге бағытталған.

Еске салсақ, дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстанның ұлттық құрамасы соңғы дайындық-жаттығу жиындарын өткізуде.


Астанада шинкиокушинкай каратэден халықаралық турнирге 500-ден астам қатысушы жиналды

Басқа 2 сағат бұрын

Астанада шинкиокушинкай каратэден халықаралық турнирге 500-ден астам қатысушы жиналды

Елордада экологиялық акция аясында велошеру өтті

Басқа 3 сағат бұрын

Елордада экологиялық акция аясында велошеру өтті

Шавкат Рахмоновтың байырғы қарсыласы Белал Мухаммадпен айқасуға дайын екендігін айтты

ММА/UFC 3 сағат бұрын

Шавкат Рахмоновтың байырғы қарсыласы Белал Мухаммадпен айқасуға дайын екендігін айтты

Дулат Бекбауовтың кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласы белгілі

Футбол 4 сағат бұрын

Дулат Бекбауовтың кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласы белгілі

«Қайрат» ойыншысы Чемпиондар лигасы жайлы мәлімдеме жасады

Футбол 5 сағат бұрын

«Қайрат» ойыншысы Чемпиондар лигасы жайлы мәлімдеме жасады

Футболдан 14-тур ойындары басталады

Футбол 6 сағат бұрын

Футболдан 14-тур ойындары басталады