28.05.2025

Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды

Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды

Фото: ҰОК

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы медальға бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Sport12.kz. тілшісі Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандастарымыз аралас эстафетада (4x400 метр) финалда төртінші орынды иеленді. Михаил Литвин, Александра Залюбовская, Андрей Соколов және Кристина Кондрашова қашықтықты 3 минут 22.70 секундта жүгіріп өтті.

Жарыстың жеңімпазы – Үндістан (3:18.12). Екінші орын – Қытайға (3:20.52), ал үшінші орын – Шри-Ланкаға (3:21.95) бұйырды.

Айта кетейік, 28 мамырда финалға Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру) мен Давид Ефремов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру) жолдама алды. Жүлделі жарыстар 29 мамыр күні өтеді.

Екі күндік жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде бір ғана медаль бар. 20 шақырым қашықтықтағы спорттық жүрісте Ясмина Тоқсанбаева үшінші орынды иеленді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Дедезиньо  2024/25 маусымының үздік ойыншысы атанды

Футзал 6 минут бұрын

Дедезиньо 2024/25 маусымының үздік ойыншысы атанды

Тимофей Скатов Италиядағы челленджер турнирін финалына шықты

Теннис 10 минут бұрын

Тимофей Скатов Италиядағы челленджер турнирін финалына шықты

Даниэль Кормье Әліби Ыдрысқа UFC 319-дан кейін қолдау білдірді

ММА/UFC 4 сағат бұрын

Даниэль Кормье Әліби Ыдрысқа UFC 319-дан кейін қолдау білдірді

UFC 319: Әліби Ыдырыс Джозеф Моралестен жеңіліп қалды

ММА/UFC 5 сағат бұрын

UFC 319: Әліби Ыдырыс Джозеф Моралестен жеңіліп қалды

ҚПЛ: «Тұран» он екі ойыннан кейін жеңіске жетті

Футбол 11 сағат бұрын

ҚПЛ: «Тұран» он екі ойыннан кейін жеңіске жетті

ҚПЛ: «Қайрат» өз алаңында «Елімайдан» жеңіліп қалды

Футбол 13 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» өз алаңында «Елімайдан» жеңіліп қалды