24.08.2025

Елордадағы Almaty run бұқаралық жүгірісіне 2 500 адам қатысты

Елордадағы Almaty run бұқаралық жүгірісіне 2 500 адам қатысты

Конституция күніне орай елорданың «Алматы» ауданындағы Триатлон саябағында жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті, деп хабарлады Sport12.kz

Жуырда жөндеуден өткен Триатлон саябағы қайтадан әуесқой жүгірушілерді құшақ жая қарсы алды. Осы орайда Конституция күніне орай ұйымдастырылған жүгірісте 2 500 адам бас қосты.

«Almaty run жүгірісіне 1 500 адам қатысады деп жоспарлаған едік. Алайда таңғы 7-ден бастап жүгіруге қатысқысы келетін жандардың саны көбейіп, қосымша медальдар алдырттық. Неге бұлай болды? Біріншіден, Астана тұрғындары үшін Триатлон, Ботаникалық саябақтар жүгіретін алаң ретінде қалыптасып қалған. Екіншіден, көпшілік жөндеуден өткен жаңа жүгіріс жолақтарында бақ сынағысы келді. Үшіншіден, дәл осы жүгірістің жарнамасы кең тарады. Тіпті Алматы қаласының тұрғындары жиі хабарласып, Алматының қай жерінде өтеді деп те сұрап жатты. Сондықтан бүгінгі шарамыздың атмосферасы республикалық марафондардан еш қалыспады», - деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Таңғы 9:00-де басталған жүгірісте қатысушылар 5 және 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

«Жаңа оқу маусымының басталуына бір апта ғана уақыт қалды. Осы орайда бүгінгі спорттық мерекеде оқу орнымдағы таныс біршама адамдарды байқап үлгердім. Дәл осындай салауатты өмір салтын насихаттайтын шарада оларды көргеніме қуаныштымын. Жүгіру трендке айналып кетті. Достарымның белсенділігінің арқасында көктемде жүгіруді қолға алдым», - деп 5 шақырымға жүгірген қатысушы Жансая Анарова өз әсерін бөлісті.

Бұл шарадан мегаполистегі танымал фитнес клубтар да тыс қалмай, көңілді өтуіне атсалысты.

Ал «Таза Қазақстан» акциясының символына айналған Тазабек те барша қатысушылармен суретке түсіп, айналаны таза сақтауды насихаттады. 

Бұқаралық жүгірістің соңында қатысушылардың арасында велосипед, фитнес клубтардың сертификаттары ойнатылып, естелік медальдар берілді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Қыркүйек айында Қазақстанның ойынын тамашалаған жанкүйерлердің саны белгілі

Футбол 18 минут бұрын

Қыркүйек айында Қазақстанның ойынын тамашалаған жанкүйерлердің саны белгілі

«Қайраттың» сырт алаңдағы ойынына кім төрелік етеді?

Футбол 47 минут бұрын

«Қайраттың» сырт алаңдағы ойынына кім төрелік етеді?

Еркін күрестен бас бапкер Мадияр Құрамысов: 4-5 медаль аламыз деп жоспарлап едік

Күрес 1 сағат бұрын

Еркін күрестен бас бапкер Мадияр Құрамысов: 4-5 медаль аламыз деп жоспарлап едік

Бибісара Асаубаева FIDE Grand Swiss турнирінің қола жүлдегері атанды

Басқа 2 сағат бұрын

Бибісара Асаубаева FIDE Grand Swiss турнирінің қола жүлдегері атанды

Чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталады

Футбол 3 сағат бұрын

Чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталады

«Барыс» шабуылшысы жарақат алды

Хоккей 3 сағат бұрын

«Барыс» шабуылшысы жарақат алды