Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

04.09.2025

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы өз атағын қорғауға барады

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы өз атағын қорғауға барады

13-21 қыркүйек аралығында Жапония астанасы Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Әлемдік жарыста Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды.

Токио төрінде төмендегі спортшылар сынға түседі:

1. Нора Джеруто - 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру;

2. Дейзи Джемпкемей - 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 10 000 метрге жүгіру

3. Ясмина Тоқсанбаева - спорттық жүріс, 20 шақырым

4. Галина Якушева - спорттық жүріс, 35 шақырым

5. Полина Репина - спорттық жүріс, 35 шақырым

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар бүгінде әлем чемпионаты қарсаңындағы соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»