2 күн бұрын
Пара жеңіл атлетикадан Руфат Хабибуллин әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Үндістан астанасы Дели қаласында өтіп жатқан пара жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Руфат Хабибуллин (F64) қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz
Ол найза лақтыруда 47.14 метрге нәтижеге қол жеткізді.
Бұл сайыста алтын медальді 71.37 метрге найза сермеген үндістан спортшысы Сумит жеңіп алса, күміс жүлде 48.38 метр көрсеткішпен Колумбия атлеті Томас Филип Сато Минаға бұйырды.
Әлем чемпионатында Қазақстан тарапынан Руфат Хабибуллинмен бірге Дастан Мұкашбеков (F36), Иван Залезняк (F36), Ислам Сәлімұлы (T13), Еламан Жоламан (F35) және Диана Шапошникова (F40) өнер көрсетуде.
Айта кетейік, пара жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты 5 қазанға дейін жалғасады. Байрақты бәсекеде әлемнің 100-ге жуық елінен келген 1000-нан астам спортшы 184 бағдарлама бойынша бақ сынауда.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
