Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

7 күн бұрын

80 жастағы Салтанат Түйтебаев Нью-Йорк марафонында екінші орын алды

80 жастағы Салтанат Түйтебаев Нью-Йорк марафонында екінші орын алды

Жүгіруден әлемде ең танымал New York Marathon бәсекесінің биылғы жарысында 55 000 адам қатысты, деп хабарлайды Sport12.kz

Қазақстан атынан биыл 44 жеңіл атлет тіркелді. Оның ішінен 80 жастағы Салтанат Түйтебаевтың орны ерекше. 80-89 жас санатында сынға түскен астаналық зейнеткер 42,2 шақырымды 4 сағат 45 минут 56 секундта жүгіріп өткен. Жалпы осы санатта 33 спортшы қатысты.

Салтанат Түйтебаевтың бұл бірінші жетістігі емес. Бұған дейін ол 2021 жылы «75+» жас санатында өнер көрсетіп, екінші орынға тұрақтаған еді.

Ал New York Marathon жүгірісінде ең егде қатысушы болып Жапониядан келген Коичи Китабатаке танылды. 91 жастағы қатысушы марафон қашықтығын 7 сағат 25 минут 13 секундта еңсерген.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас