17.11.2025
Қазақстандық спортшы биіктен секіруден рекорд жаңартты
Токио қаласында жалғасып жатқан Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық жеңіл атлетика құрамасы ұзындыққа секіру, биіктен секіру және әр түрлі қашықтыққа жүгіру жарыстарына қатысып жатыр.
Қазақстандық Фаина Мейрманова биіктен секіруден чемпион атанып, Сурдлимпиада ойындарының рекордын орнатты — 1,79 м. Күміс медаль нейтрал спортшы Анна Суравецке (1,76 м), қола медаль словак Лейа Глонарикке (1,67 м) бұйырды.
Фаина Мейрманова — халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2024 жылы Тайбэйде өткен әлем чемпионатында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемдік рекорд орнатып, биіктен секіруден 1,76 м нәтижесін көрсеткен. Сол жылы Мейрманова Азия-Тынық мұхиты ойындарында ұзындыққа секіруден чемпион атанды. 19 жастағы спортшы Шығыс Қазақстан облысынан шыққан және жеңіл атлетикамен шамамен жеті жылдан бері айналысады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас