17.11.2025
Алматыда жүгіруден City Run бұқаралық жарысы өтті
16 қарашада Алматыда 20 елден келген 2 500 қатысушы жиналған City Run жарысы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Жүгірушілердің қатарында мегаполистің тұрғындары мен қонақтары, соның ішінде Щучинск қаласынан 91 жастағы Салиха Зигангерова және алматылық 88 жастағы Дузу Мавлютова болды. Мәреге жеткендердің барлығы естелік медальдар алды.
2025 жылғы жүгіру маусымы 40 мыңнан астам қатысушының басын қосты, олардың 18 мыңға жуығы әйелелдер, өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 20% -көп болды. Сондай-ақ тіркелген шетелдік қатысушылар қатары да ұлғайған.
Маусымның маңызды оқиғасы 60 елден 16 149 қатысушыны жинаған 14-ші Almaty Marathon болды. Биыл жүгіру жолының негізгі рекордтары жаңартылды: ерлер – 2:19:38, әйелдер – 2:41:24. Алғаш рет 1500 адам 42,2 шақырым марафон қашықтығын игерді.
Алматы жарыстары AIMS халықаралық марафондары мен жүгіру жарыстарының күнтізбесіне енген еліміздегі жалғыз қала.
Зерттеу деректері бойынша, демалыс күндері өтетін марафонға қатысушылар екі күнде шамамен 8 млн теңге жұмсайды екен. Ал серіктес компаниялардан түскен салық соңғы төрт жылда үш есеге жуық – 318,9 млн теңгеден 873,9 млн теңгеге дейін өскен.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов