20.11.2025
Ирина Конищева ядро лақтыруда алтын медаль еншіленді
Қазақстандық спортшы Ирина Конищева Эр-Риядта өтіп жатқан 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындарында жетіқабат көпсайыста сәтті өнер көрсетті.
17 жастағы Конищева ядро лақтыру сайысында басты қарсыластары – Өзбекстан мен Иран спортшыларын артқа қалдырып, бірінші орынды жеңіп алды. Оның ең үздік нәтижесі – 12,39 метр. Екінші орынға ирандық Фатемех Мохитизадех (11,93 м), үшінші орынға өзбек спортшысы Угилой Норбоева (11,91 м) ие болды.
Сонымен қатар, 200 метрлік жүгіруде Конищева үшінші болып келді (25,89 секунд). Бұл жарыста жеңісті Мохитизадех (25,40) жеңіп алды, екінші орынды оның отандасы Саба Хоросани Заварехвар (25,47) алды, ал Угилой Норбоева төртінші болды (26,77).
Бүгін жетіқабат көпсайыста соңғы күн: қатысушылар ұзындыққа секіру, жебе лақтыру және 800 метрлік жүгіруде медальдар үшін бақ сынайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас