02.01.2026
Ольга Рыпакова: спорттың дамуы инфрақұрылымға тіреліп тұрған жоқ
Жеңіл атлетикадан 3 Олимпиаданың жүлдегері, қазіргі сәтте федерацияның президенті спорттың кенжелеуіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Ерболат Мұхамеджанның YouTube арнасына сілтеме жасап.
«Жеңіл атлетиканың дамуына басты кедергі ретінде заманауи спорттық кешеннің жоқтығы деп айта алмаймын. Керісінше бізде көп елдерде жоқ жабық кешенді жеңіл атлетика сарайы бар. Жыл сайын ASTANA INDOOR MEET FOR AMIN TUYAKOV PRIZES халықаралық турнирі өткізіп жатырмыз. Оған халықаралық жеңіл атлетика өкілдері келіп, бізге жоғары бағасын берді. Біздің тіпті жабық кешендегі әлем чемпионатын қабылдауға мүмкіндігіміз бар. Бірақ біздегі жеңіл атлетика үшін мәселе ретінде кадрдың тапшылығы деп айтушы едім. Себебі, кеңестік мектептің бапкерлері уақыт сайын азайып жатыр. Екіншіден, бала кезден бастап жүйелі бағдарлама жоқ. Осы екеуі жақсы дамыса, инфрақұрылым жайлы айтуға болушы еді», - деді Ольга Рыпакова.
Айта кетейік, Ольга Рыпакова 2024 жылдың 11 желтоқсанынан бері жеңіл атлетика федерациясын басқарып келеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов