02.01.2026
Ольга Рыпакова: қажетсіз ведомстволарды қысқартуды құптаймын
Жеңіл атлетикадан 3 Олимпиаданың жүлдегері, қазіргі сәтте федерацияның президенті спорттың кенжелеуіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Ерболат Мұхамеджанның YouTube арнасына сілтеме жасап.
«Бізден бірінші кезекте Олимпиада және әлем чемпионатынан нәтижені талап етеді. Бірақ Туризм және спорт министрлігіне қатысты да бірнеше бағынышты ведомство барын ұмытпайық. Олимпиадалық даярлау орталығы, РУМАК, Спортты дамыту дирекциясы және т.б. Ал федерацияға болмашы ғана қаражат түседі. Көп жағдайда өзіміз демеуші іздеуге мәжбүрміз. Өте қиын. 2025 жылымның барлығы дерлік демеуші іздеумен өтті. Қажетсіз ведомстволарды жабуды құптаймын. Сол кезде біз ешнәрсеге алаңдамаушы едік», - деді Ольга Рыпакова.
Айта кетейік, Ольга Рыпакова 2024 жылдың 11 желтоқсанынан бері жеңіл атлетика федерациясын басқарып келеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов