9 сағат бұрын

Кениядан келген желаяқ Азия чемпионы атанды

Кениядан келген желаяқ Азия чемпионы атанды

Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кезендегі XII Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны кезекті жүлдемен толықты, деп хабарлайды Sport12.kz

Әйелдер арасында 3000 метрге жүгіруде Нора Джеруто Тануи мәреге бірінші жетіп, чемпион атанды. 

3000 м, финал нәтижесі: 

1. Нора Джеруто Тануи (Қазақстан) 8:46.87 секунд

2. Нозоми Танака (Жапония) 8:48.22 секунд 

3. Сиа Лу (Қытай) 9:16.18 секунд.

Кеше Нора 1500 метр жарыста 3-орын алған. Сонымен қатар, бесекенің алғашқы күні бессайыстан Ұлттық құрама спортшысы Алина Чистякова жеңіске жетті. Қазір Қазақстан командасында 2 алтын, 1 қола медаль болды.


Айта кетейік, бәсеке ертең, 8 ақпанда аяқталады.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!