04.03.2023
Қазақстандық гимнаст әлем кубогінде чемпион атанды
Нариман Құрбанов
Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Доха (Катар) қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрбанов ат үстіндегі жаттығулардан 15 400 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Алматылық спортшы өзінен кейін екінші және үшінші орындарға жайғасқан Ирландия мен Тайбэй өкілдерінен басым түсті.
Бір апта бұрын дәл осы сын бойынша Құрбанов Котбуста өткен әлем чемпионатының кезеңінде қола жүлдегер атанды.