23.02.2025

Жеңіл атлетикадан Indoor Run Astana-2025 жарысы өтті

Жеңіл атлетикадан Indoor Run Astana-2025 жарысы өтті

Елорда төрінде жеңіл атлетикадан әуесқойлар арасындағы дәстүрге айналған Indoor Run Astana-2025 сайысы ұйымдастырылды

Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде өткізілген спорттық шараға Астана желаяқтарынан бөлек, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Семей, Шымкент, Көкшетау, Ақтөбе, Екібастұз және көршілес Ресей Федерациясынан да 100-ден астам әуесқой спортшылар арнайы келді.

«Үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан турнирімізге 12 жүгіру клубы және зияткерлік даму ерекшеліктері бар жандарға арналеан IDsport федерациясының өкілдері жүлдеге таласып жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда бірқатар өзгерістер бар. Біріншіден, жүлде қоры көбейіп, 1 млн теңгені құрады. Екіншіден, биыл 600 метр қашықтықтағы сайысты енгіздік. Үшіншіден, тек әуесқой спортшылар ғана емес, зияткерлік даму ерекшеліктері бар жандар да күштерін сынап жатыр. Олардың арасында велоспорттан спорт шебері Дастан Ордабай 600 метрлік жарыста өнер көрсетті. Алдағы уақытта турнирдің деңгейі одан әрі ұлғая береді деген сенімдемін», - деді жарыс ұйымдастырушысы Сұлтан Базарбай.

Айта кетейік, дәл осы спорт кешенінде бір ай бұрын World Athletics Indoor Tour Gold Label турнирінде Олимпиада, әлем чемпиондары, әлемдік рекордсмендер бақ сынаған еді.

Ендігі кезекте әуесқой желаяқтар 600 метр, 1 000 метр, 1 миль, 2 000 метр, 3 000 метр, 4×200 метрдегі эстафета, критериум сайысында жүлдеге таласты.

«Бүгін Астана қаласына алғаш рет жабық кешендегі манеждегі жүгіру жарысына келдім. 1 000 метр қашықтышта кіл мықтылар жиналған. Қарсыластарымды алға жіберіп, соңғы айналымда жылдамдықты арттыру тактикасы өз жемісін берді. Өте қуаныштымын. 2017 жылдан бері жеңіл атлетикамен айналысып келсем де, жарыс атмосферасын енді сезініп жатырмын», - деп Алматыдан келген Ксения Ли өз эмоциясын білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қыс мезгілінде спорт кешенінде екі ғана жеңіл атлетика бәсекесі өтетіндіктен, спортты серік еткен жандар үшін бұл турнир өте маңызды саналады.

Азия емпионаты: Еркін күрестен медальдар кестесінде ел құрамасы үздік үштікте

Күрес 39 минут бұрын

Азия емпионаты: Еркін күрестен медальдар кестесінде ел құрамасы үздік үштікте

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында қола жүлде алды

Күрес 10 сағат бұрын

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында қола жүлде алды

Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Футбол 10 сағат бұрын

Болат Сақаев еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Азамат Дәулетбеков Аммандағы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Күрес 11 сағат бұрын

Азамат Дәулетбеков Аммандағы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстан жастар құрамасы өз тобында үшінші орын алды

Футзал 11 сағат бұрын

Қазақстан жастар құрамасы өз тобында үшінші орын алды

Зейнолла Ыдрысов Штутгарттағы турнирдің жеңімпазы атанды

Футбол 11 сағат бұрын

Зейнолла Ыдрысов Штутгарттағы турнирдің жеңімпазы атанды