19.03.2025

Тарихта алғаш рет: Қазақстан жеңіл атлеттері жабық кешендегі әлем чемпионатына қатыспайды

Тарихта алғаш рет: Қазақстан жеңіл атлеттері жабық кешендегі әлем чемпионатына қатыспайды

Қазақстан Орталық Азия өңірінде жеңіл атлеттері жабық кешендегі әлем чемпионатына қатыспайтын жалғыз ел ретінде тіркелді.

Алдағы халықаралық турнир Қытайда келесі жұма күні басталып, 23 наурызда аяқталады. World Athletics мәліметінше, әлем чемпионатына 127 елден 576 атлет қатысады. Тарихта алғаш рет Қазақстан бұл жарысқа өз спортшыларын жібере алмай отыр.

Ең қызығы, Орталық Азиядағы көршілеріміз іріктеу талаптарын орындап, Нанкиндегі жастарға арналған олимпиадалық спорт паркінде жарысқа жолдама алды.

Қырғызстан – Руслан Литовский (400 м)

Түркіменстан – Валентина Медведева (60 м)

Өзбекстан – Шарифа Давронова (үш қарғып секіру)

Тәжікстан – Фаворис Музапаров (60 м)

Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен Ресей мен Беларусь спортшылары да бұл чемпионатқа қатыса алмайды, өйткені олар халықаралық жарыстардан шеттетілген. Сонымен қатар, Әзербайжан мен Молдова атлеттері де іріктеу нормативтерін орындай алмады. Ал қалған посткеңестік елдер әлем чемпионатына өз өкілдерін жіберді:

Украина – 7

Эстония – 6

Латвия – 3

Армения, Грузия, Литва – 1 спортшы.

«ПСЖ» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Футбол

«ПСЖ» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Жеңіл атлетика: Қазақстан жалпы есепте 4-орын алды

Жеңіл атлетика 9 сағат бұрын

Жеңіл атлетика: Қазақстан жалпы есепте 4-орын алды

Changan автокөлік бренд орталықтарында QJ League-ға футболшылар іріктелді

Футбол 9 сағат бұрын

Changan автокөлік бренд орталықтарында QJ League-ға футболшылар іріктелді

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

Теннис 9 сағат бұрын

Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

«Тараз» футбол орталығының тәрбиеленушілері жаңа спорттық жейделермен қамтылды

Футбол 11 сағат бұрын

«Тараз» футбол орталығының тәрбиеленушілері жаңа спорттық жейделермен қамтылды

«Ұлытау» өз алаңында алғаш рет жеңіске жетті

Футбол 11 сағат бұрын

«Ұлытау» өз алаңында алғаш рет жеңіске жетті