6 сағат бұрын
Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Фото: Matthias Hangst/Getty Images
Оңтүстік африкалық жеңіл атлет Акани Симбине Ботсванада өткен Гран-при турнирінде жүз метрлік қашықтықты 9,9 секундта бағындырып, даңқты желаяқ Усейн Болттың рекордын жаңартты.
Ямайка өкілі Усейн Болт аталған қашықтықты 10 маусым қатарынан 10 секундтың ішінде жүгіріп өткен. Ал 31 жастағы Акани Симбине бұл көрсеткішті 11 маусым қатарынан тіркеді.
Еске салсақ, Симбине 2024 жылғы Париж Олимпиадасында 4100 метр қашықтықтағы эстафетада күміс жүлде иеленген. Сондай-ақ 100 метрлік жарыста төртінші орынға тұрақтап, Оңтүстік Африка рекордын орнатты – 9,82 секунд.
Ал Усейн Болт – 11 дүркін Олимпиада және 8 дүркін Әлем чемпионы. 100 метр (9,58 секунд) және 200 метр (19,19 секунд) дистанцияда әлемдік рекордтың иесі.
