10 сағат бұрын

Алматыдағы марафонда екі адам қайтыс болды

Алматыдағы марафонда екі адам қайтыс болды

Бүгін таңертең Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының өмірі қиылды. Оқыс оқиға жарыс жолының әртүрлі учаскелерінде тіркелді, деп хабарлайды Sport12.kz

Бірінші қайғылы жағдай жарыстың басында, Әл-Фараби даңғылының бойында орын алған. Ер адам өзін жайсыз сезініп, жерге құлаған. Бір минут ішінде жедел жәрдем тобы оқиға орнына жетіп, шұғыл реанимациялық шаралар жүргізгенімен, өкінішке қарай, оның жүрек соғысы тоқтап қалған.

«Сағат 8:15 кезінде полиция қызметкерлері қатысушының құлағанын хабарлады. Жедел жәрдем дереу жетті. Барлық шаралар хаттамаға сай атқарылды. Алдын ала болжам – өкпе артериясының тромбоэмболиясы. Пациенттің артериялық гипертониясы болған», – деді 2/51 бригадасының дәрігері Әлібек Хожаназаров.

Екінші қайғылы оқиға 16-шы шақырымда тіркелді. Бұған дейін 10 шақырымдық Winter Run 2025 жарысына қатысқан Нұрбол Ахмади бұл жолы жартылай марафонға тіркеліп, Астана мен Алматыдағы басқа да марафондарға қатыспақ болған. Алайда бүгінгі жарыс кезінде есінен танып қалған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасаса да, қайғылы жағдайдың алдын ала алмады.

«Біз сағат 9:18-де жеттік. Пациенттің тыныс алуы тоқтаған, қан қысымы – нөл. Реанимациялық шаралар хаттамаға сәйкес жүргізілді. Өкінішке қарай, нәтиже болмады – өлім жедел жәрдем келгенге дейін тіркелген. Алдын ала диагноз – өкпе артериясының тромбоэмболиясы, жіті жүрек жеткіліксіздігі»– деді 8/58 бригадасының дәрігері Айгерім Есдәулетова.

Осы орайда  мамандар бұл жағдайлар жарысқа қатысушылардың денсаулығын алдын ала тексерудің маңыздылығын тағы бір мәрте еске салады.

«Бүгін Almaty Half Marathon бұқаралық жүгіру спорттық шарасында 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади қайтыс болды. Екі қатысушыға да шұғыл кәсіби көмек көрсетілді. Алайда барлық қабылданған шараларға қарамастан, олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Екеуі де жартылай марафон қашықтығын (21,1 шақырым) жүгіріп өтті және жарыстың тұрақты қатысушылары болды. Біз регламентке сай іс-әрекет еттік. Жүгіру барысында 9 жедел-жәрдем көлігі кезекшілікте болды. «Кардиос» медициналық  орталығының 10 бригидасы жұмыс істеді. Біз қаза тапқан жандардың жақындары мен туысқандарына көңіл айтамыз. Оларға көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз», - деді жарыс ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева.

Айта кетейік, бұқаралық спорттық шараға 10 мыңнан астам адам қатысты.

Көркем гимнастикадан әлем кубогында Қазақстан құрамасы қола алды

Басқа 53 минут бұрын

Көркем гимнастикадан әлем кубогында Қазақстан құрамасы қола алды

Ангелина Лукас - абсолютті әлем чемпиондығына басты үміткер

Бокс 3 сағат бұрын

Ангелина Лукас - абсолютті әлем чемпиондығына басты үміткер

«Қайрат» пен «Астананың» сенсациялық нәтижесі: Бесінші турдың ерекшелігі қандай?

Футбол 3 сағат бұрын

«Қайрат» пен «Астананың» сенсациялық нәтижесі: Бесінші турдың ерекшелігі қандай?

«Елімай» елордада «Жеңістен» жеңісті жұлып алды

Футбол 3 сағат бұрын

«Елімай» елордада «Жеңістен» жеңісті жұлып алды

Өзбекстан атынан сынға түсетін Руслан Абдуллаев кезекті рет жеңіске жетті

Бокс 4 сағат бұрын

Өзбекстан атынан сынға түсетін Руслан Абдуллаев кезекті рет жеңіске жетті

Самат Смақовтың әйелі күйеуін қолдады

Футбол 5 сағат бұрын

Самат Смақовтың әйелі күйеуін қолдады