1 күн бұрын
Дулат Бекбауов Тайландтағы турнирдің қола жүлдегері атанды

Фото: ҚБФ
Бүгін бокстан Тайландтағы халықаралық турнирдің жартылай финалдық жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тайландтағы турнирде Қазақстан қоржынына үшінші қола жүлде түсті. 65 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Дулат Бекбауов тай боксшысы Синсири Бунжонгқа жол берді — 0:5.
Күндізгі сессияда шаршы алаңға шыққан екі боксшымыз да қола жүлдегер атанған еді. Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) жартылай финалда тай боксшысына жол берсе (4:1), Данияр Рахымбердиев қытайлық қарсыласына төтеп бере алмады (5:0).
Ал әйелдер арасында Виктория Графеева мен Гүлсая Ержан финалға жолдама алды.
