2 күн бұрын
Төрехан Сабырхан Тайландтағы турнирдің финалына шықты

Фото: ҰОК
70 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан жартылай финалда қырғыз Ихтиор Нишоновпен жұдырықтасты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шабуылда ширақ, қорғаныста мығым болған қазақстандық боксшы айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Енді ол финалда өзбекстандық Мухаммад Азизбек Исмоиловпен кездеседі.
Ал 50 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Нұрзат Оңғар қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, финалдық бәсекелер 1 маусым күні өтеді.
