2 күн бұрын

All Stars Boxing 4: Даня Милохиннің қарсыласы Байрам Кахруманов дайындық жұмыстарын көрсетті

All Stars Boxing 4: Даня Милохиннің қарсыласы Байрам Кахруманов дайындық жұмыстарын көрсетті

Фото: Instagram: ba1raa_

6 маусым күні Алматыдағы Алматы Арена спорт кешенінде All Stars Boxing 4 турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Аталмыш кеште белгілі ресейлік блогер және әнші Дани Милохин өнер көрсетеді. Оның жаңа қарсыласы грэпплингтен Ресей чемпионы және ММА-дан Дағыстан чемпионы Байрам "Байра" Кахруманов болады.

Айта кетейік, Милохиннің алғашқы қарсыласы Сигма лақап атымен танымал қырғызстандық блогер Аргон Керимов болуы керек еді. Алайда, қырғызстандық блогер жарақатына байланысты бұл жекпе-жектен бас тартқан еді. Соған байланысты ұйымдастырушар тез арада ресейлік медиа спортшыға жаңа қарсылас табуға мәжбүр болды.

Кахруманов әлеуметтік желіде келесі аптада болатын айқасқа дайындалып жатқан видео жариялады. Видеода оның жанында Артем Тарасов пен Фарид Ядуллаев та болды.

Турнирдің басты оқиғасында "Мотиватор" лақап атымен танымал Әнуарбек Бекембетов пен бұрынғы ұлттық құраманың белгілі боксшысы, қазіргі таңда бапкерлікпен айналысып жүрген Мұхит Амантаев кездеседі.

Ұмытылмас бокс кешіне билеттерді zakazbiletov сайтынан алуға болады.

Стас Покатилов Әзербайжан клубы сапында Еуропа лигасында ойнай ма?

Футбол 6 сағат бұрын

Стас Покатилов Әзербайжан клубы сапында Еуропа лигасында ойнай ма?

Елена Рыбакина «Роллан Гаррос» турнирінде қанша пайда тапты?

Теннис 8 сағат бұрын

Елена Рыбакина «Роллан Гаррос» турнирінде қанша пайда тапты?

Артём Дзюба «Қайратқа» ауыспайды

Футбол 8 сағат бұрын

Артём Дзюба «Қайратқа» ауыспайды

Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турниріндегі жорығын аяқтады

Теннис 9 сағат бұрын

Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турниріндегі жорығын аяқтады

Рыбакина ширек финалға шыға алмады

Теннис 9 сағат бұрын

Рыбакина ширек финалға шыға алмады

Ақтөбеде жаңа стадионның құрылысы жақын уақытта басталады

Футбол 9 сағат бұрын

Ақтөбеде жаңа стадионның құрылысы жақын уақытта басталады