2 күн бұрын
Таиландтағы турнирде Қазақстан ерлер құрамасы 2 алтын, 5 күміс алды

Фото: Olympic.kz
Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде еліміздің ерлер құрамасы 2 алтын, 5 күміс алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ерлер құраамсынан Диас Молжігітов(80 келі) мен Төрехан Сабырхан (70 келі) халықаралық турнирде чемпион атанды.
Ал Дулат Бекбауов (65 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі), Бекзат Таңатар (85 келі) мен Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Ал Нұрзат Оңғаров (50 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Тимур Нұрсейіт (75 келі) Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) жүлдесіз қалды.
Енді әйелдер құрамасынан Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
