2 күн бұрын
Қоржында - 3 алтын: Таиландтағы турнирде Виктория Графеева чемпион атанды

Фото: Қазақстан ҰОК
Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан бокстан Thailand Open халықаралық турнирінде Виктория Графеева (60 келі) алтын алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Халықаралық турнирде ол қытайлық Ян Ченьді 4:1 есебімен жеңді.
Енді ел құрамасынан Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (80 келі) және Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Ал ерлер құраамсынан 2 алтын, 5 күміс алды. Құрама сапынан Диас Молжігітов(80 келі) мен Төрехан Сабырхан (70 келі) халықаралық турнирде чемпион атанды.
Ал Дулат Бекбауов (65 келі), Данияр Рахымбердиев (90 келі), Бекзат Таңатар (85 келі) мен Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Сондай-ақ Нұрзат Оңғаров (50 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Тимур Нұрсейіт (75 келі) Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) жүлдесіз қалды
Дәстүрлі турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында өткізіліп жатыр. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланған.
