2 күн бұрын
Төрехан Сабырханның жаңа салмағы, қазақтардың финалы: Thailand Open турнирі қалай өтті?

24 мамыр мен 1 маусым аралығында Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен бокстан Thailand Open халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл жарыс World Boxing ұйымы аясында ұйымдастырылып, әлемнің түрлі елдерінен келген мықты спортшылар бақ сынады.
Қазақстан ерлер құрамасы турнирді табысты аяқтап, 2 алтын және 5 қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық жүлдегерлер:
Алтын:
– 70 кг: Төрехан Сабырхан
– 80 кг: Диас Молжігітов
Қола:
– 50 кг: Нұрзат Оңғаров
– 55 кг: Нұрсұлтан Алтынбек
– 65 кг: Дулат Бекбауов
– 85 кг: Бекзат Таңатар
– 90 кг: Данияр Рахымбердиев
1/4 финал сатысында жарыстан шығып қалғандар қатарында Оразбек Асылқұлов (60 кг), Тимур Нұрсейітов (75 кг) және Даниял Сапарбай (+90 кг) бар.
Ерекше оқиғалар:
- 19 жастағы Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы екінші турнирінде-ақ топ жарды. Ол ақпан айында 67 келіде «Странджа кубогында» жеңімпаз атанса, бұл жолы 70 келіде сәтті өнер көрсетті.
- Диас Молжігітов 80 келідегі финалда Қытай құрамасындағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды жеңіп шықты.
- Нұрсұлтан Алтынбек бұл жолы шетелдік турнирде алғаш рет чемпиондық атаққа қол жеткізе алмады.
- Дулат Бекбауов 1/4 финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұнарбек Сейітбекұлын ұтты.
Финал нәтижелері:
70 кг: Төрехан Сабырхан (Қазақстан) – Мухаммадазизбек Исмоилов (Өзбекстан) – 5:0
80 кг: Диас Молжігітов (Қазақстан) – Тоқтарбек Таңатқан (Қытай) – 4:1
Жалпыкомандалық есеп (ерлер):
- Өзбекстан – 3 алтын, 2 күміс, 4 қола
- Үндістан – 2 алтын, 1 күміс
- Қазақстан – 2 алтын, 5 қола
- Таиланд – 1 алтын, 3 күміс, 3 қола
- Иордания – 1 алтын, 1 күміс, 2 қола
Анықтама:
Thailand Open турнирі 2019 жылдан бері осы атаумен өтуде. 2022 жылы Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль иеленген болатын. Ол кезде чемпиондар қатарында Серік Теміржанов (57 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг) және Айбек Оралбай (91 кг) болды.
