2 күн бұрын
Алматыда өткен халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар он алтын жеңіп алды

Фото: ҚБФ
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Турнирдің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар он алтын медаль жеңіп алды.
Өз салмақ дәрежелерінде Бекзат Алдамжаров (51 келі), Ернұр Қайрат (54 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Әубәкір Маханбет (67 келі), Нұрбол Мұхаметәлі (75 келі), Ақжол Әбдіхан (80 келі), Темірлан Мұқатаев (86 келі), Бекболат Әбдікерім (92 келі) және Аслан Елдібайұлы (92+ келі) чемпион атанды.
Тағы екі алтынды Әзербайжан боксшылары – Субхан Мамедов (48 келі) мен Максуд Хасметов (63,5 келі) жеңіп алды. Сондай-ақ алтын медаль Түрікменстан спортшысы Байрамдурды Нурмухамедовке (71 келі) бұйырды.
