2 күн бұрын
2 дүркін Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген кубалық Йоэнли Эрнандес (8-0, 7 KO) қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жекпе-жек өткізуге дайын. Бұл туралы оның промоутері Луис Де Кубас Sport12.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.
31 мамыр күні Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Эрнандес америкалық Қайрон Дэвисті (19-4-1, 6 KO) төрешілердің бірауыз шешімімен жеңген еді.
— Біз кез келген жекпе-жекке дайынбыз. Егер келесі қарсылас Жәнібек болатын болса, қарсы емеспіз. Йоэнли өзін элиталық деңгейде дәлелдеді және үлкен шақыруларға дайын екенін көрсетті. Біз бұл жекпе-жекті ұйымдастыру үшін, жұмыс істейтін боламыз. Өйткені, біз Йоэнлидің жеңіске жететініне сенеміз. Ол әлі өзінің толық әлеуетін көрсете қойған жоқ. Сенбі күнгі жекпе-жек – тек бастамасы, – деді Де Кубас Miami Herald басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Йоэнли Эрнандес әуесқойлар арасында 2021 және 2023 жылдары әлем чемпионы атанған.
