2 күн бұрын
Мұхит Амантаев 6 маусым күнгі бокс кешінің неге өтпейтінін айтты

Бұған дейін әлеуметтік желіде өзара келіспей қалған Мұхит Амантаев пен «Мотиватор» лақап атымен танымал Ануарбек Бекембетовтің жекпе-жегі Алматыдағы «Алматы Арена» спорт кешенінде өтуі тиіс еді. Алайда кездесуге санаулы күн қалғанда бокс кешінің өтпейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Осы жағдайға байланысты Мұхит Амантаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді:
«3 маусым күні промоутер Зия Алиев хабарласып, гонорар төленбейтінін айтты. Бұл жаңалық мені қатты ашуландырды. Соңғы үш ай бойы тынымсыз жаттықтым. Отбасымнан алшақ жүріп, тер төктім. Оның бәрі оңай болған жоқ. Көп қаржымды осы дайындыққа жұмсадым. Алайда бар болғаны үш күн қалғанда жағдай күрт өзгерді. Соған қарамастан, кештің өтуі үшін. Зия Алиевке тегін жұдырықтасуға дайын екенімді жеткіздім. Алайда көп ұзамай, Зия Алиев Әнуарбек Бекембетовтің және өзінің бұл ұсынысқа келіспейтінін мәлімдеді. Өкінішті. Бірақ өмір жалғасады. Алға ұмтыла беремін. Еңбегімнің түбі ақталатынына сенемін», — деді Мұхит Амантаев.
