1 күн бұрын

6 маусым күні өтетін бокс кеші жанкүйерсіз өтетін болды

6 маусым күні өтетін бокс кеші жанкүйерсіз өтетін болды

Фото: Instagram: muzdi___

6 маусым күні Алматыда AllStarsBoxing компаниясы ұйымдастыруымен өтетін бокс кеші кейінге қалдырылған болатын, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұған нақты себеп айтылмады. Ұйымдастырушы тарап осындай шешім қабылдаған. Кештің басты айқасында өнер көрсетуі керек болған Мұхит Амантаевтың айтуы бойынша жекпе-жекке үш күн қалғанда гонорар төленбейтіні айтылған.

Алайда өзге қазақстандық промоутерлер аталған турнирге қатысқалы жатырған боксшылар мен бапкерлердің өтініші арқылы дереу іске кірісіп, турнирді ұйымдастыруды қолға алды. Бұл туралы осы кеште жұдырықтасатын боксшы Балауса Мұздыман айтты.

«Өзге спортшылар секілді оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Салмақ қудық. Моральдық, психологиялық тұрғыда жақсы дайындалдық. Өкінішке қарай, үш күн қалғанда жекпе-жек өтпейді деп айтты. Біз үшін бұл күйзеліс болды. Қаншама дайындықтан өткен соң, жарыс болмайды десе оңай емес. Басқа спортшыларды да түсініп тұрмын. Бір қуантқаны, қазақстандық бірнеше бокс промушені бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірігіп жатыр. Бүгін менде салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Сөйтіп 6 маусым жоспарланғандай жекпе-жек өтетін болды», - дейді Балауса Мұздыман.

Сонымен қатар бұрымды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында бұл турнир жабық түрде өтетінін айтты.

Алайда кештің басты хедлайнері саналған «Мотиватор» мен Мұхит Амантаев болмайды. Сондай-ақ ресейлік блогер Дани Милохин мен поп-ММА өкілі Байрам Кахруманов кездеседі.

Джан Пьеро Гасперини «Рома» бас бапкері атанды

Футбол 1 сағат бұрын

Джан Пьеро Гасперини «Рома» бас бапкері атанды

Ла Лиганың үздік ойыншысы ресми жарияланды

Футбол 2 сағат бұрын

Ла Лиганың үздік ойыншысы ресми жарияланды

ҚФФ «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына қатысты қатаң шешімдер шығарды: айыппұлдар мен  дисквалификациялар

Футбол 2 сағат бұрын

ҚФФ «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына қатысты қатаң шешімдер шығарды: айыппұлдар мен дисквалификациялар

Өзбекстан мен Ресей арасында жолдастық ойын өткізу идеясы ұсынылды

Футбол 2 сағат бұрын

Өзбекстан мен Ресей арасында жолдастық ойын өткізу идеясы ұсынылды

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Теннис 3 сағат бұрын

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Мераб Двалишвили жыл соңына дейін үш жекпе-жек өткізуге дайын

ММА/UFC 3 сағат бұрын

Мераб Двалишвили жыл соңына дейін үш жекпе-жек өткізуге дайын