15 сағат бұрын
Eindhoven Cup: Қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Бүгін, 6 маусым Нидерландтың Эйндховен қаласында бокстан еуропадағы ең беделді турнирлердің бірі Eindhoven Cup жалауын желбіретеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Айтулы жарысқа Қазақстан атынан он боксшы аттанды.
Кеше байрақты бәсекенің жеребесі тартылып, отандық боксшылар алғашқы қарсыластарын білді.
- 50 келі. Даниял Сабит – Максим Рудик (Украина);
- 55 келі. Махмұд Сабырхан – Максим Зименко (Украина);
- 60 келі. Ерхан Тұрдан – Расул Гулиев (Украина);
- 65 келі. Ертуған Зейнуллинов – Хилаль Салех (Швеция);
- 70 келі. Абылайхан Жүсіпов – Александр Трофимчук (Литва);
- 75 келі. Сабыржан Аққалықов – Орландо Холли-Сотоми (Уэльс);
- 80 келі. Ерасыл Жақпеков – Иво Пеллебур (Нидерланд);
- 85 келі. Даулет Төлемісов – Валерий Вальтер (Германия) / Идрис Леганас (Бельгия);
- 90 келі. Сағындык Тоғамбай – Дакай Альбон (Босния және Герцеговина);
- 90+ келі. Нұрлан Сапарбай – Мервель Бинда (Германия).
Дүбірлі додаға әлемнің 30 елінен 200-ге жуық былғары қолғап шебері қатысады. Халықаралық турнир 9 маусымға дейін жалғасады.
