15 сағат бұрын
Бақыт Сәрсекбаев U22 Азия чемпионатында таңғалдырған елді атады

U22 ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев 11-24 мамыр аралығында Шри-Ланкада өткен Азия чемпионатындағы ерекше жайтты атады, деп хабарлады Sport12.kz
- Азия чемпионатында басты қарсыластар ретінде Қырғызстан мен Тәжікстанның болғаны даусыз. Бірақ мені ең таңғалдырғаны Сауд Арабиясы болды. Олар жарысқа 5 спортшысын қосты. Иә, Сауд Арабиясы ерлер сапында жүлде алмады. Бірақ деңгейлерінің өскені көзге анық байқалады. Бұл ел шетелдік мамандарды шақырған. Алдағы уақытта бізге де бас ауыртар қарсылас болуы әбден мүмкін. Жалпы Азия құрлығында да бокс ақырындап дамып келеді. Әр қарсыласқа дұрыстап дайындалу қажет», - деді Бақыт Сәрсекбаев.
Айта кетейік, ерлер құрамасы Азия чемпионатында барлық 13 салмақта спортшыларын қосып, 10 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды.
