14 сағат бұрын

«Манчестер Юнайтед» Еуропаның үздік шабуылшысын сатып алуға дайын

«Манчестер Юнайтед» Еуропаның үздік шабуылшысын сатып алуға дайын

Англиялық «Манчестер Юнайтед» лиссабондық «Спортингтің» шабуылшысы Виктор Дьёкерешті сатып алуға дайын, деп хабарлайды Sport12.kz

Бұл туралы белгілі журналист және инсайдер Николо Скира әлеуметтік желі X парақшасында жазды. Ақпарат көзінің мәліметінше, швед шабуылшысы португал клубын €65 млн сомасына ауыстыруы мүмкін.

Бұған дейін 26 жастағы футболшыға лондондық «Арсенал» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын. Тіпті, «канонирлердің» Дьёкерешті трансферлеу бойынша «Спортингпен» келіссөздер жүргізіп, келісімге жақын қалғаны айтылған.

Виктор Дьёкереш португалиялық команда сапында 2023 жылдың шілдесінен бері ойнап келеді. Олар Викторды «Ковентриден» €24 млн трансферлік құнына сатып алынған. Бұған дейін ол АПЛ-де «Брайтон» сапында өнер көрсеткен.

Аяқталған маусымда Дьёкереш барлығы 52 матчқа қатысып, 54 гол соғып, 13 нәтижелі пас берген. Оның қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін есептелген.

Нидерландтағы турнирде қазақстандық екі боксшы жарысты жалғастырады

Бокс 6 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде қазақстандық екі боксшы жарысты жалғастырады

Джан Пьеро Гасперини «Рома» бас бапкері атанды

Футбол 8 сағат бұрын

Джан Пьеро Гасперини «Рома» бас бапкері атанды

Ла Лиганың үздік ойыншысы ресми жарияланды

Футбол 8 сағат бұрын

Ла Лиганың үздік ойыншысы ресми жарияланды

ҚФФ «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына қатысты қатаң шешімдер шығарды: айыппұлдар мен  дисквалификациялар

Футбол 8 сағат бұрын

ҚФФ «Ақтөбе» – «Қайрат» матчына қатысты қатаң шешімдер шығарды: айыппұлдар мен дисквалификациялар

Өзбекстан мен Ресей арасында жолдастық ойын өткізу идеясы ұсынылды

Футбол 9 сағат бұрын

Өзбекстан мен Ресей арасында жолдастық ойын өткізу идеясы ұсынылды

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Теннис 9 сағат бұрын

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты