11 сағат бұрын
Қазақстандық боксшының Испаниядағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Фото: instagram / madiyevr
Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (17-2, 5 КО) Испанияның Льорет-де-Мар қаласында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мәдиев бұл кеште мексикалық Хорхе Баталья Мартинеспен (11-5, 7 КО) қолғап түйістірді. Тоғыз раундқа жоспарланған жартылай орта салмақтағы жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде төрешілер жеңімпазды анықтай алмай, тең нәтиже тіркеді.
Мұндай нәтиже қос боксшының мансабында алғаш рет тіркеліп отыр.
Айта кетейік, Руслан Мәдиев – жартылай орта салмақта WBAAsia белбеуінің иегері.
