11 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде қазақстандық бес боксшы жеңіске жетті

Нидерландтағы турнирде қазақстандық бес боксшы жеңіске жетті

Фото: Olympic.kz.

Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде 6 маусымдағы қазақстандық боксшылардың нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алғашқы жарыс күнінде ел құрамасынан алты былғары қолғап шебері шаршы алаңға шықты. Олардың қатарында Ерхан Тұрдан, Ертуған Зейнуллинов, Абылайхан Жүсіпов, Сабыржан Аққалықов, Сағындык Тоғамбай және Нұрлан Сапарбай бар. 

Олардың нәтижесі төмендегіше:

60 келі Ерхан Тұрдан (Қазақстан) - Расул Гулиев (Украина). Төрешілердің шешімімен жекпе-жек Р. Гулиевтің жеңісімен аяқталды

65 келі. Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) - Хилаль Салех (Швеция). Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Е. Зейнуллиновке берілді.

70 келі. Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) - Александр Трофимчук (Литва). Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс А.Жүсіповке берілді.

75 келі. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) - Орландо Холли-Сотоми (Уэльс). Төрешілердің бірауыздан шешімімен С. Аққалықов жеңіске жетті.

90 келі. Сағындык Тоғамбай (Қазақстан) - Дакай Альбон (Босния және Герцеговина). С.Тоғамбай екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. 

90 келіден жоғары. Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) - Мервель Бинда (Германия). Төрешілердің бірауыздан шешімімен Н. Сапарбай жеңіске жетті.

Енді ел құрамасынан Даниял Сәбит (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Тілемісов (85 келі), шаршы алаңға шығады.

Халықаралық турнир 6-9 маусым аралығында өтеді.


Бақтиер Зайнутдинов Де Брюйнемен бір лигада ойнауы мүмкін

Футбол 1 сағат бұрын

Бақтиер Зайнутдинов Де Брюйнемен бір лигада ойнауы мүмкін

Нариман Курбанов: «Бұл қазір әлемдегі ең күрделі комбинация»

Басқа 2 сағат бұрын

Нариман Курбанов: «Бұл қазір әлемдегі ең күрделі комбинация»

Криштиану Роналду «Алтын доптың» фаворитін атады

Футбол 2 сағат бұрын

Криштиану Роналду «Алтын доптың» фаворитін атады

Криштиану Роналду әлем чемпионатына қатыспайды

Футбол 3 сағат бұрын

Криштиану Роналду әлем чемпионатына қатыспайды

Реваншта Двалишвили мен О'Мэллидің қанша гонорар алатыны белгілі болды

ММА/UFC 3 сағат бұрын

Реваншта Двалишвили мен О'Мэллидің қанша гонорар алатыны белгілі болды

Қазақстан – Солтүстік Македония матчының төрешілері белгілі болды

Футбол 3 сағат бұрын

Қазақстан – Солтүстік Македония матчының төрешілері белгілі болды