11 сағат бұрын
Мерей Ақшалов: Мейірім Нұрсұлтанов пен Жәнібек Әлімханұлы өзара жұдырықтасуы тиіс

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов інісі Мейірім Нұрсұлтановты IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығуға көндіруге тырысып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Sport12.kz
— Інім көп сөйлемейді. Кәсіби бокс — бизнес. Мен оған: «Сен кәсіби бокстасың, мәлімдеме жаса», деймін. Ол: «Мен көп сөйлеуді қаламаймын, іспен дәлелдегім келеді», деп жауап береді. Өткен жолы Жәнібек жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтты. Мен Мейірімге: «Сен де айт. Мен сенімен жекпе-жекке шығуға дайынмын», деймін. Мейірім қазірдің өзінде орта салмақтағы ТОП-15 қатарына енген. Демек, Жәнібектің екі белбеуіне үміткер бола алады. Бұл — бизнес, бұл — спорт. «Келесі жекпе-жекті бірге өткізейік» деп ашық айт. Бұл жекпе-жек қазақстандық жанкүйерлер үшін өте қызықты болады, — деді Ақшалов.
