8 сағат бұрын
Василий Ломаченко мансабын неліктен аяқтады?

Фото: Sarah Stier / Getty Images
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум украиналық боксшы Василий Ломаченконың (18-3-0, 11 КО) мансабын аяқтау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
— Ломаченко – нағыз спортшы. Оны арқа жарақаты мазалады. Василий бұл мәселені шешуге тырысты, бірақ қолынан келмеді. Сондықтан мансабын аяқтауға тура келді, – деді Арум Fight Hub TV Youtube-арнасына.
Еске салсақ, үш салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Василий Ломаченко 5 маусым күні 37 жасында бокстағы мансабын аяқтаған болатын.
