4 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты

Нидерландтағы турнирде Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде Ертуған Зейнуллинов (65 келі) жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық былғары қолғап шебері ширек финалда даниялық Абдулла Абу-Арабтан басым түсті.

Ол бұдан бұрын швециялық Хилаль Салехтің осал тұсын тапты. Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Е. Зейнуллиновке берілді.

Дүбірлі додаға еліміздің атынан 10 боксшы барған болатын.

Енді ел құрамасынан Даниял Сәбит (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Тілемісов (85 келі), шаршы алаңға шығады.

Сондай-ақ ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Дәулет Тілемісов (85 келі), Нұрлан Сапарбай (90 келіден жоғары) алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Ал Ерхан Тұрдан (60 келі) украиналық Расул Гулиевке есе жіберіп қойды. 

Халықаралық турнир 6-9 маусым аралығында өтеді.


«Қайсардың» қақпашысына Акинфеевтің арнайы сыйлығы табысталды

Футбол 4 сағат бұрын

«Қайсардың» қақпашысына Акинфеевтің арнайы сыйлығы табысталды

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын сәтті өткізді

Басқа 4 сағат бұрын

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын сәтті өткізді

Нидерландтағы турнирде Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты

Бокс 4 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шықты

Коко Гауфф «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды

Теннис 4 сағат бұрын

Коко Гауфф «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды

Максим Самородовтың голы үздік деп танылды

Футбол 4 сағат бұрын

Максим Самородовтың голы үздік деп танылды

Бақтиер Зайнутдинов Де Брюйнемен бір лигада ойнауы мүмкін

Футбол 7 сағат бұрын

Бақтиер Зайнутдинов Де Брюйнемен бір лигада ойнауы мүмкін