4 сағат бұрын
Нидерландтағы турнирде бүгін кімдер шаршы рингке шығады?

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Бүгін 8 маусым Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Boxcup турнирінің үшінші жарыс күні, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күні ел намысын шаршы алаңда сегіз боксшымыз қорғайды.
- 50 келі. Даниял Сабит — Редуане Ассаихи (Бельгия)
- 65 келі. Ертуған Зейнуллинов — Абдуллаев Әли (Әзірбайжан)
- 70 келі. Абылайхан Жүсіпов — Анас Кадоури (Бельгия)
- 75 келі. Сабыржан Аққалықов — Кулиев Жамал (Украина)
- 80 келі. Ерасыл Жақпеков — Иде Силас (Дания)
- 85 келі. Дәулет Төлемісов — Леганасе Идрис (Бельгия)
- 90 келі. Сағындық Тоғамбай — Хабибуллаев Тұрабек (Өзбекстан)
- 90+ келі. Нұрлан Сапарбай — Шонуби Идрис (Бельгия)
Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 17:00-де басталса, кешкі жекпе-жектер 22:00-ге жоспарланған.
Айта кетейік, дүбірлі дода 9 маусымға жоспарланған.
