6 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде Абылайхан Жүсіпов финалға жолдама алды

Нидерландтағы турнирде Абылайхан Жүсіпов финалға жолдама алды

Фото: Olympic.kz.

Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде Абылайхан Жүсіпов (70 келі) финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жартылай финалда ол бельгиялық Анас Каддуримен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында ол төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен басым түсті. 

Абылайхан әлем чемпионатында үш дүркін қола жүлдегер атанған еді. Оған қоса Азия чемпионатында күміс медальға қол жеткізді.

Ал ел құрамасынан Даниял Сәбит (50 келі) жартылай финалда бельгиялық Редуан Ассаидің осал тұсын тауып, финалға жолдама алды.

Сондай-ақ ел құрамасынан Ертуган Зейнуллинов (65 келі) жартылай финалда әзербайжандық Али Абдуллаевқа есе жіберді.

Халықаралық турнир 6-9 маусым аралығында өтеді.

Айта кетсек, дүбірлі додаға еліміздің атынан 10 боксшы аттанған еді. Олардың арасынан ертерек Махмұд Сабырхан (55 келі), Ерхан Тұрдан (60 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі) жарыс жолынан шығып қалды. 

Видео Шолу | Обзор: Португалия - 2025 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы

Футбол 3 сағат бұрын

Видео Шолу | Обзор: Португалия - 2025 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші туры өтеді

Футбол 4 сағат бұрын

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші туры өтеді

Қазақстандық тағы екі боксшы Нидерландтағы турнирде финалға шықты

Бокс 5 сағат бұрын

Қазақстандық тағы екі боксшы Нидерландтағы турнирде финалға шықты

Нидерландтағы турнирде Сабыржан Аққалықов қола жүлдені қанағат тұтты

Бокс 6 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде Сабыржан Аққалықов қола жүлдені қанағат тұтты

Бессеттік триллердегі камбэк: Карлос Алькарас «Ролан Гаррос» чемпионы атанды

Теннис 6 сағат бұрын