5 сағат бұрын
Нидерландтағы турнирде Сабыржан Аққалықов қола жүлдені қанағат тұтты

Фото: kaz.inform.kz
Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде Сабыржан Аққалықов (75 келі) қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жартылай финалда ол украиналық Джамал Кулиевке есе жіберді. Төрешілер екінші раундта Сабыржан нокдаунға түсті деген шешім қабылдады.
Осылайша қазақстандық боксгы қола жүлдені қанағат тұтты. Ол жастар арасында әлем чемпионы 2021 жылы Әлем, 2024 жылы Азия чемпионы болды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Даниял Сәбит (50 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (70 келі) финалға шықты.
Халықаралық турнир 6-9 маусым аралығында өтеді.
Айта кетсек, дүбірлі додаға еліміздің атынан 10 боксшы аттанған еді. Олардың арасынан ертерек Махмұд Сабырхан (55 келі), Ерхан Тұрдан (60 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
