4 сағат бұрын
Нидерландтағы турнирде бес боксшы финалда сайысқа түседі

Фото: Olympic.kz.
Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан бокстан Eindhoven Cup халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылардың 8 маусымдағы нәтижесі белгілі болды., деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күні ел құрамасынан сегіз боксшы сынға түсті. Олардың арасынан бесеуі финалға жолдама алса, үшеуі қола жүлдені қанағат тұтты.
Жекпе-жектер нәтижесі төмендегіше:
50 келі. Даниял Сәбит (Қазақстан) - Редуан Ассаи (Бельгия). Сәбит нокаутпен жеңіске жетті.
65 келі. Ертуган Зейнуллинов (Қазақстан) - Али Абдуллаев (Әзербайжан). Төрешілердің басым бөлігінің шешімімен Али Абдуллаев жеңіске жетті.
70 келі. Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) - Анас Каддури (Бельгия). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Абылайхан шықты.
75 келі. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) - Джамал Кулиев (Украина). Төрешілердің бірауыздан шешімімен Джамал Кулиев финалға шықты.
80 келі. Ерасыл Жакпеков (Қазақстан) - Иде Силас (Дания). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Ерасыл шықты.
85 келі. Дәулет Төлемісов (Қазақстан) - Идрис Леганас (Бельгия). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Ерасыл шықты.
90 келі. Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) - Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Турабек Хабибуллаев шықты.
90 келіден жоғары. Нұрлан Сапарбай (Қазақстан) - Идрис Шонуби (Бельгия). Төрешілердің бірауыздан шешімімен финалға Нұрлан шықты.
Айта кетейік, халықаралық турнир 6-9 маусым аралығында өтеді.
