5 сағат бұрын
Нидерландтағы турнирде бүгін бес боксшымыз алтынға таласады

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Бүгін 9 маусым Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Boxcup турнирінің соңғы жарыс күні, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күні финалда ел намысын бес боксшы қорғайды.
- 50 келі. Даниял Сәбит — Алдаршинг Батулга (Моңғолия)
- 70 келі. Абылайхан Жүсіпов — Асахуджа Муйдинходжаев (Өзбекстан)
- 80 келі. Ерасыл Жақпеков — Артур Касианов (Украина)
- 85 келі. Дәулет Төлемісов — Микола Лактионов (Украина)
- +90 келі. Нұрлан Сапарбай — Деннис Окио (Германия)
Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады.
Айта кетейік, дүбірлі додада әлемнің 30 елінен келген 200-ге жуық былғары қолғап шебері бақ сынады.
