10.06.2025
Eindhoven Boxcup: бес қазақстандық боксшы чемпион атанды
Фото: ҚБФ
Нидерландының Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Boxcup халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Соңғы күні жарыс жолына шыққан бес қазақстандық боксшы қарсыластарын жеңіп, барлығы да жеңіс тұғырына көтерілді:
- 50 келі. Даниял Сәбит
- 70 келі. Абылайхан Жүсіпов
- 80 келі. Ерасыл Жақпеков
- 85 келі. Дәулет Төлемісов
- +90 келі. Нұрлан Сапарбай
Үш боксшымыз жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдегер атанған болатын:
- 65 келі. Ертуған Зейнуллинов
- 75 келі. Сабыржан Аққалықов
- 90 келі. Сағындық Тоғамбай
Осылайша, Қазақстан құрамасы аталған турнирде 5 алтын, 3 қола медальмен командалық есепте бірінші орын алды.
Айта кетейік, дүбірлі додада әлемнің 30 елінен келген 200-ге жуық былғары қолғап шебері бақ сынады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Наурызбай Қанатұлы